«Жас – Дарын» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түлкібас ауданының «Жас — Дарын» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Түлкібас ауданы, Балықты ауылы Нарбота көшесі №27 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон:7472541519 Электрон поштасы: rahia@mail.ru Web сайт. https://zhas-daryn-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Давжанова Элвира ПернехановнаТүлкібас аудандық білім бөлім басшысының 2022 жылғы 15 тамызда № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 28.08.2023ж өткен. БСН 220740049260 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 10.04.2023жыл № 23008464 KZ22VK00056351 хабарлама берілген. 13.02.2024ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2022жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 4топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 100 балаға арналған. 16.09.2022 жылы № NХ11.ХKZ79VWF00075851 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 100 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. «Балапан» ортаңғы топ 3 жас, «Тұлпар» ортаңғы топ 3 жас, «Айнал» ересектоп 4 жас, «Қыран» МАД тобы 5 жас, Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 4 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
- Меңгеруші кабинеті;
- Мед кабинет;
- Әдістемелік кабинет;
- Теледидар — 5дана;
- Компьютер – 2;
- Ноутбук – 1 дана;
- Принтер – 1 дана.
Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалары безендерілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтары жасақталған.